21
October
2022
"Менің Қазақстаным" атты қорытынды концерттік бағдарлама
21.10.2022 жыл 99 мектеп-гимназиясында 25 қазан - Республика күніне орай жоспарланған ісшаралар бойынша "Менің Қазақстаным" атты қорытынды концерттік бағдарлама болып өтті. Концерттік бағдарламада Республика күне орай өткізілген іс-шараларға белсенділік танытып, түрлі байқаулар мен сайыстарда жүлделі болған оқушылар директордың арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Өнерпаз оқушылар концертте мемлекеттік әнұранды шарықтата шырқап, күмбірлете кhouseтартты. Тамылжыта ән салып, би биледі. Республика жайлы өлеңдерді жатқа айтты. Мектеп директоры Саулен Адырбекқызы Республика күніне арнап құттықтау сөз сөйлеп, алдағы күндерге шығармашылық табыс тіледі.








