07
September
2023
"Тілім менің - мақтанышым!"
07. 09.2023 жылы 99 мектеп-гимназиясында "Тілім менің - мақтанышым!" атты тіл мерекесіне арналған 1 айлық бағдарламаның ашылу салтанаты болып өтті. Тілім менің тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. " - деп Әбілда Тәжібаев ағамыз айтқандай тілсіз қоғамның қай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес. Сонымен қатар тіл қай елде болмасын қасиетті де қастерлі. Тіл тек қарым-қатынас емес, татулық құралы. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы. Қадыр Мырза Әлі ағамыз жырлағандай қоғамның сұранысына қарай қанша тіл білсек те, өз ана тілімізге деген құрметіміз төмендемеуі керек. Бүгінгі мерекелік салтанатты жиында мектеп оқушылары қазақ ақындарының тіл туралы өлеңдерін , мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жатқа айтып ана тілінің жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы деректермен бөлісті.











