19
March
2025
Наурыз — Ұлыстың ұлы күні!
📷 Instagram постын ашу №99 мектепте Наурызнама онкүндігі аясында “Наурыз — жыл басы” мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өтті!
Мектеп ұжымы мен оқушылар ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, көркем қойылымдар қойып, ұлттық ойындар ұйымдастырды.
Қадірлі қонақтарымыз —
Municipal public Еңбекші ауданы әкімінің бас инспекторы Таскараев Ербол Бекмырзаұлы,
Мектеп директоры Сауырбаева Улжалғас Мырзакасымовна,
Қарабастау ауылының ақсақалдар алқасы төрағасы Бақыт Досанұлы,
Ауыл биі Сейтаев Кеңес Егенұлы,
Board of Trusteesінің төрағасы Аққошқаров Қайрат Бастарбекұлы,
Ата-аналар комитетінің төрағасы Төлемисов Самат Сағындықұлы
мерекелік құттықтауын білдірді.
“Даналық мектебінің” әжелер клубы әсем әннен шашу шашып, думанды кештің көркін аша түсті.
Оқушыларымыз бесікке салу, тұсаукесер, бастаңғы сияқты дәстүрлерді сахналап, ұлттық салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттады.
Наурыз — береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын