“Толағай” отбасылық сайысы
👨👩👧👦 15 сәуір — Отбасы күні қарсаңында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен дәстүрлі “Толағай” отбасылық сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ✨ Сайысқа 7 команда қатысып, өзара ұйымшылдық пен белсенділік танытты. 🏆 Барлық қатысушылар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл шара — мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін игі дәстүрге айналды.