Арыстанбекова Айжан Пернебекқызының ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында мектепішілік «Абай оқулары» байқауы өтті. » «№99 мектеп-гимназия» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№99 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-26
Психолог бөлімі:
+7(7252) 25-01-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Арыстанбекова Айжан Пернебекқызының ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында мектепішілік «Абай оқулары» байқауы өтті.
22
декабрь
2023

Арыстанбекова Айжан Пернебекқызының ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында мектепішілік «Абай оқулары» байқауы өтті.

2023 жылдың 30 қараша күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арыстанбекова Айжан Пернебекқызының ұйымдастыруымен 6-сыныптар арасында мектепішілік «Абай оқулары» байқауы өтті. Бұл байқау «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында көрсетілген 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну және ақын-жыраулар мен ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұраларымен таныстыру мақсатында  ұйымдастырылды.

 Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
– жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; 
– оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну;
– ақын-жыраулар мен ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұраларымен таныстыру;
 – балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерді сезіндіру;
– балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту;
– дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;
– өнерлі жастарды халық арасында таныту;

                                Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:

1. «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша Абайдың қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Тәрбиелік мәнін ұғындыру.
2. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинация бойынша Абай өлеңдерін жатқа оқу, өлеңді жан-жақты талдай білу.


4. Бағалау критерийлері:
                                                  І кезең бойынша бағалау жүйесі

1. «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша
•    Қарасөздің музыка ырғағына сай оқылуы•    Дауыс ырғағы•    Тіл тазалығы•    Сахна мәдениетін меңгеруі•    Киім үлгісі
2. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинация бойынша
•    Абай өлеңдерінің жатқа оқылуы•    Тіл тазалығы•    Орфоэпиялық норманы сақтауы•    Дауыс ырғағы•    Сахна мәдениетін меңгеруі
  ІІ-ІІІ кезеңдер бойынша бағалау жүйесі
Қатысушылардың әрбір дұрыс жауабы 1 балдық жүйемен бағаланады.
Қазылар алқасы оқушының білімін тексеру үшін қосымша сұрақтар қоюға құқылы.

«Абай оқулары» байқауына қатысуға ниет білдірген ең дарынды оқушылар:
1.    Амангелді Меруерт2.    Есбол Іңкәр3.    Балқыбек Дина4.    Төлеген Ердәулет5.    Ораз Кәусар6.    Ержан Көркем7.    Тохтасын Аруна8.    Оразалы Еңлік9.    Иманәлі Ая10.    Бердібай Айару11.    Төлен Еркеназ
Нәтижесінде «Абай оқулары» байқауының «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша
І орын      Есбол Іңкәр
ІІ орын     Төлен Еркеназ
ІІІ орын    Оразалы Еңлік

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша
І орын      Есбол Іңкәр
ІІ орын     Амангелді Меруерт
ІІІ орын    Ержан Көркем арнайы дипломдармен марапатталады.






















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив