


09.06.2026 ж. «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған профилактикалық іс-шаралар жоспары аясында мектеп жанынан ашылған жазғы алаң тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Есірткіге жол жоқ!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсініктерін кеңейту, зиянды әдеттерге қарсы көзқарас қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау барысында қатысушылар өз шығармалары арқылы денсаулықтың құндылығын, бақытты балалық шақты және есірткісіз өмірдің маңыздылығын бейнеледі. Әр суретте жарқын болашаққа ұмтылыс пен салауатты өмір салтын қолдау идеясы көрініс тапты.

Денсаулық – өмірдің басты байлығы!

Есірткіге жол жоқ!

Бақытты бала – жарқын болашақ кепілі!