07
сентябрь
2024
"ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" ЖОЛДАУ-ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ!


📷 Instagram постын ашу
"ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ" ЖОЛДАУ-ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды. №99 мектеп-гимназия қызметкерлері жолдауды бірге тыңдады.
Мемлекет басшысының бұл жолғы жолдауы 1 қыркүйек – білім күнімен тұспа-тұс келді. Президент Қазақстан халқын “Білім күні” мерекесімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тауып жатқандығын атап өтіп, білім саласына да тоқталып өтті.
Орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың тағы бір шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сол үшін “Жайлы мектеп” жобасы қолға алынғанын атап өтті.
2025 жылға дейін 800 мыңдай баланың заманауи мектепте білім алатынын, жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейтудің маңызды екенін айтып, білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сенімді қадам басатынын, біздің күшіміз-жастардың білімінде екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстанның даму жолында төмендегі бағыттарға жіті тоқталды.
БІРІНШІ БАҒДАР. "ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ"
ЕКІНШІ БАҒДАР. "НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ"
ҮШІНШІ БАҒДАР. "ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ"
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. "МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ"
БЕСІНШІ БАҒДАР. "ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 99 мектеп-гимназиясының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамаларын толығымен қолдаймыз.