№30 «Алпамыс» балабақшасында ерекше іс-шара өтті! » «№99 мектеп-гимназия» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№99 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-27
Психолог бөлімі:
+7(7252) 95-48-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №30 «Алпамыс» балабақшасында ерекше іс-шара өтті!
14
март
2025

№30 «Алпамыс» балабақшасында ерекше іс-шара өтті!

2025 жылдың 14 наурызында №30 «Алпамыс» балабақшасында ерекше іс-шара өтті!

 📷 Instagram постын ашу 
№99 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары #Алпамыс бөбекжайымен бірлесіп, «Баспалдақтан баспалдаққа» кейс-жобасы аясында ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы байланысты нығайту, балаларды жүйелі әрі сатылы түрде дамыту.

🔑 Жоба мақсаттары:

Мектеп пен балабақша арасында тығыз қарым-қатынас орнату.
Балаларды психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау.
Әр тәрбиеленушінің «жеке даму картасымен» танысу.
Ата-аналарға психологиялық көмек көрсету.
👩‍🏫 Мектеп мұғалімдері мен оқушылары 1-сыныпқа дайындық бойынша келесі оқу жылында сабақ беретін ұстаздармен бірге «Алпамыс» бөбекжайында болып, тәрбиеленушілермен танысты, олардың даму барысын қарап, тәрбиешілермен пікір алмасты.

Бұл іс-шара балалардың мектеп өміріне психологиялық дайындығын арттыруға бағытталды. Ұстаздар мен ата-аналар үшін де үлкен пайдасы болғанын атап өткіміз келеді. Балалардың болашаққа нық қадам басуына үлкен мүмкіндік жасалды!
@shym_metod
@tursunovaaigul75 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив