Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. » «№99 мектеп-гимназия» КММ
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№99 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-27
Психолог бөлімі:
+7(7252) 95-48-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады.
15
апрель
2025

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады.

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады.

Министрлік мәліметінше, 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталған.

«Құрметті азаматтар! ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандарды есірткінің айналымына тарту фактілерінің жалғасуына байланысты алаңдаушылық білдіреді. Биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды. Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар»,—делінген хабарламада.

ІІМ заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

«Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Бірлесіп қана есірткісіз, қауіпсіз қоғам құра аламыз!»— деп толықтырды ІІМ өкілі Қуандық Әлжанов.  📷 Instagram постын ашу

Похожие публикации:

13 сентябрь 2024 АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
21 сентябрь 2023 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
13 сентябрь 2023 АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив