23
апрель
2025
«Жақсы кітап- жан азығы» дөңгелек үстелі



№99 мектеп-гимназия кітапханасының коворкинг орталығында «Жақсы кітап- жан азығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тағылымы мол іс-шара «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» аясында 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, басқа балаларға оқыған кітабы туралы әңгімелеу, осылайша олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітапхана меңгерушісі Р.Ережепова «кітап заманымыздың өмірі, рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі - өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына» деп кітап әлеміне шолу жасады.
Дөңгелек үстелде оқушылар - кітап қымбатты қазынаны ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі, кітапта қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері, қол жетпес мұралары жазылатыны туралы ой бөлісті.
Оқушының назарын кітап оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел әсерлі өтті.