"Білім шыңының баспалдағы - Бастауыш "
Бастауыш сыныптар бірлестігінің "Білім шыңының баспалдағы - Бастауыш " тақырыбындағы онкүндік өткізілді. Ол онкүндік оқушылар жұмысын ұйымдастырудың замануи жолдарына арналды . Онкүндіктің мақсаты : "Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып , оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту " Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып , рухани адамгершілік , эмоционалдық және ойлау қабілеттерін дамуын қамтамасыз ету керек.