Материалы за 08.04.2025 » «Школа-гимназия №99» КММ
Шымкент қаласы
государственное учреждение
"Школа-гимназия №99"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 95-48-27
Психолог бөлімі:
+7(7252) 95-48-26
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 08.04.2025
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»
08
апрель
2025
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»
Мектебімізде осы тақырып аясында сынып сағаттары өтті. Оқушылар денсаулықтың – өмірдің басты байлығы екенін ұғынды. Таза ауа, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі мен психологиялық саулық – бәрі де салауатты өмір салтының негізі екенін талқыладық. Мақсатымыз – саналы, сергек, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Себебі дені сау бала – ел болашағының кепілі.
«Білім кілті – бастауышта» Бастауыш сынып апталығы басталды!
08
апрель
2025
«Білім кілті – бастауышта» Бастауыш сынып апталығы басталды!
Бұл аптада біз: – Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы әрбір сабақты сапалы, мазмұнды өткіземіз; – Оқушы жүрегіне жол тауып, әр сәтті есте қаларлықтай, қызықты әрі мәнді етеміз; – Баланы жай тыңдаушы емес, ізденуші, зерттеуші, өз пікірін еркін білдіре алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыруды көздейміз. Бастауыш – білімнің іргетасы. Іргетас қаншалық мықты болса, болашақ та сондай берік болады! Баланың болашағына жауапкершілікпен қарап, шынайы шабытпен жұмыс істеуді жалғастырамыз.
«МҰНТАЗ» жобасы басталды! 🧼✨
08
апрель
2025
«МҰНТАЗ» жобасы басталды! 🧼✨
 Мектебімізде тазалық пен тәртіпке бағытталған «Мұнтаз» жобасы өз жұмысын бастады. Енді әр бейсенбі — ТАЗАЛЫҚ КҮНІ! Мақсат — мектеп ауласын, сыныптарды, ортақ кеңістіктерді таза ұстай отырып, оқушыларда ұқыптылық пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру. Тазалық — мәдениеттің белгісі. Тазалық — денсаулық кепілі. Тазалық — ортақ міндет! Бірге жұмыламыз, бірге тазартамыз, бірге үлгі боламыз!
“АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!”
08
апрель
2025
“АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Школа-гимназия №99сы мемлекттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-шебер Арыстанбекова Айжан Пернебекқызының ұйымдастыруымен “Абайды бірге оқимыз!”жобасы аясында “Абай поэзиясындағы ұлттық құндылықтардың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі “ атты ақпараттық семинар өтті. Мақсаты:Абай шығармаларындағы ұлттық идея мен құндылықтарды зерделей отырып,оны білім беру процесінде тиімді қолдану жолдарын қарастыру.Абай мұрасын жаңаша