18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ » «Школа-гимназия №99» КММ
Шымкент қаласы
государственное учреждение
"Школа-гимназия №99"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 95-48-27
Психолог бөлімі:
+7(7252) 95-48-26
Версия для
слабовидящих
» » » 18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
18
апрель
2024

18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Школа-гимназия №99сында ағымдағы жылдың 18 наурыз күні «Ұлттық құңдылықты» дәріптеу мақсатында «Ұлттық киім күні» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.
Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететін. 
Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. 
Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.






















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив