ЖАС САРБАЗ » «Школа-гимназия №99» КММ
Шымкент қаласы
государственное учреждение
"Школа-гимназия №99"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 95-48-27
Психолог бөлімі:
+7(7252) 95-48-26
Версия для
слабовидящих
29
декабрь
2021

ЖАС САРБАЗ

ЖАС САРБАЗ 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "Школа-гимназия №99" КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай "Жаса, жайна - Тәуелсіз Қазақстан" айдарымен мектебіміздің 9 «А» сынып оқушыларын «Жас сарбаз» сынбына салтанатты қабылдау өткізілді.
Сонымен қатар 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Сен өз ойлағаныңнан да мықтысың" атты әскери-патриоттық сайыс өткізілді.  Сайысқа:
1. 10 "А" сыныбынан "Тұмар" тобы;
2. 10 "В" сыныбынан "Алаш" тобы;
3. 11 "Ә" сыныбынан "Қыран" тобы;
4. 11 "Б" сыныбынан "Барыс" тобы;
5.11 "В" сыныбынан "Жас сарбаз" тобы қатысты. 
Сайыс төмендегі бөлімдер бойынша ұйымдастырылды. 
1. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинау 
2. Денені шалқадан жатып көтеру
3. Қол күресі
4. Кір тасын көтеру
5. Берпи
6. Арқан тарту. 
Жоғарыда аталған сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды "Жас сарбаз" тобы, ІІ орынды "Барыс" тобы, ІІІ орынды "Тұмар" тобы иеленді. 
Сайысқа жоғары деңгейде қатысып, нәтижелі, үздік ойын көрсеткені үшін  
1. "Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинау" турынан Шымкентбай Данияр, Қолдас Назым;  
2. "Денені шалқадан жатып көтеру" турынан Алматова Альбинур; 
3. "Қол күресі" турынан Сатбаев Шамун;  
4. "Кір тасын көтеру" турынан Алладинов Мұхамедали; 
5. "Берпи" турынан Аманбай Жансұлтан мақтау қағазымен марапаттылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив