02
апрель
2025
“Алпамыс” балабақшасы мен №99 мектеп-гимназиясы арасындағы сабақтастық семинары 🌿📚



Наурыз айында “Алпамыс” балабақшасы мен №99 мектеп-гимназиясы арасындағы сабақтастық аясында шағын семинар өтті. Бұл іс-шара балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларының үздіксіз білім алуына бағытталған тәжірибе алмасу алаңы болды. 🎓✨🔹 Семинар барысында:✅ Мектепке дейінгі және бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың маңыздылығы талқыланды;✅ Оқыту әдістері мен тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу өтті;
✅ Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру жолдары қарастырылды.
Семинар соңында Наурыз мерекесіне арналған шағын шара ұйымдастырылып, қатысушылар ұлттық дәстүрлермен танысып, көже ішіп, мерекелік көңіл-күйге бөленді. 🥳🌸
📌 Осындай бірлескен іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуына, мектепке бейімделуіне үлкен септігін тигізеді. Бірлесе атқарған жұмысымыздың жемісті боларына сенімдіміз! 💡👏