03
май
2025
«АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» – РУХАНИ КЕЗДЕСУ

Ұлы Абайдың өнегелі сөзі мен терең ойы бүгін мектебімізде тағы бір мәрте жаңғырды.
Арыстанбекова Айжан Пернебекқызының бастамасымен өткен «АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ» атты тағылымды семинарда оқушылар мен қонақтар ақын мұрасын қазіргі қоғаммен ұштастырып, пікір алмасты.
Рухани кеңістікке толы бұл шарада:
– «Көзімнің қарасы» әсем шырқалды,
– оқушылар мен ұстаздар Абай сөзін жүрекпен қабылдады,
– қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Спикерлер: журналист, теолог, ұстаздар мен ата-аналар – бәрі де бір арнада бас қосып, Абай әлеміне терең бойлады.
Ұлы ақынның сөзімен түйіндесек:
“Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.”
📷 Instagram постын ашу